Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында облыс аудандары мен Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері басшыларының қатысуымен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс орындарын құруына қатысты кезекті жұмыс кеңесі өтті.
Кеңеске осы бағыттағы жұмыстың аралық қорытындылары шығарылды, сондай-ақ алдағы жылға арналған міндеттер әзірленді.
Облыста ағымдағы жылдың басынан бері барлығы 3680 жаңа жұмыс орнын құра отырып, 2869 жеке кәсіпкерлік субъектісі құрылды.
Жұмыс орындарын құру жұмыспен қамту деңгейінің жақсаруына және жұмыссыздықтың төмендеуіне әкеледі, бұл халықтың әлеуметтік құрылымы мен әл-ауқатының артуына оң әсерін тигізеді.