Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні

Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні

2024 жылғы 30 қазанда облыс әкімдігінің ғимаратында облыс әкімі аппаратының басшысы Руслан Қанатханұлы Әлішевтің қатысуымен жыл сайын қазан айының соңғы жексенбісінде атап өтілетін «Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне» арналған салтанатты іс-шара өтті.

Бұл - қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарды қолдаумен, қорғаумен айналысатын адамдарға арналған күн.

Әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкері - азаматтардың амандығы мен әл-ауқатына қамқорлық жасау сияқты мемлекеттік ауқымдағы міндетке қол жеткізуге тікелей қатысы бар адам.

Жұмысы өте ерекше, ол тек теориялық білімді ғана емес, сонымен бірге қарым-қатынас дағдыларын, жанашырлықты, психологиялық төзімділікті, шыдамдылықты қажет етеді.

Қазіргі уақытта әлеуметтік қорғау саласында 2,5 мыңнан астам адам еңбек етуде. Олардың басым бөлігі мұқтаж адамдарға үйде күтім жасау жағдайында және стационарлық үлгідегі ұйымдарда әлеуметтік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Олар аз қамтылған азаматтарға, мүгедектігі бар адамдарға, зейнеткерлерге және халықтың басқа да қорғалатын санаттарына қажетті көмек көрсетеді. Бұл адамдардың миссиясы бөлек - олар мұқтаж адамдарға көмек береді, оларды қолдайды және қорғайды.

Аталған іс-шараға халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің еңбек ардагерлері, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің СҚО бойынша департаментінің, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының СҚО бойынша филиалының, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ СҚО бойынша филиалының, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің, Еңбек мобильділігі орталығының, үкіметтік емес және кәсіподақ ұйымдары мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің, ведомстволық бағынысты медициналық-әлеуметтік мекемелердің, аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, мансап орталықтарының қызметкерлері қатысты.  

Осы күні халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің 21 қызметкерінің еңбегі бағаланып, облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Сонымен қатар, біздің әлеуметтік әріптесіміз – «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ СҚО филиалы әлеуметтік қорғау саласының 10 қызметкерін атап өтті.