Азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыруға арналған квоталар

Азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыруға арналған квоталар

2024 жылғы 26 қыркүйекте Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы аудандар мен Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, Мансап орталықтарының және Солтүстік Қазақстан облысының Еңбек мобильдігі орталығының басшыларымен және мамандарымен бейнеконференцбайланыс (ZOOM) арқылы  жұмыс кеңесін өткізді.

Кеңесте 2024 жылы ағымдағы жылғы азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін белгіленген  жұмыс орындарының квоталарын орындау туралы және 2025 жылы мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар  бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметтерінің есебіндегі адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмысты ұйымдастыру туралы мәселелер қаралды.

Жергілікті жұмыспен қамту органдары үшін қатаң белгіленген мерзімде квота белгілеу үшін ұсыныстар әзірлеу ұсынылды.