
Ағымдағы жылғы 6 қыркүйекте жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және «Петропавл әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ базасында СҚО бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкіл, СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдерінің қатысуымен Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында әлеуметтік-медициналық қызметтер көрсету мәселесі бойынша Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының медицина қызметкерлеріне арналған семинар өтті.
Семинарда тұмау, ЖРВИ және т.б. бойынша әлеуметтік-медициналық қызметтер көрсету, санитарлық-профилактикалық, санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралар саласындағы мәселелер қарастырылып, түсініктемелер берілді.
Петропавл әлеуметтік қызмет көрсету орталығының базасында өткен семинардың практикалық бөлімінде мекемеде әлеуметтік-медициналық қызмет көрсету мәселелері қаралды, семинарға қатысушылар Орталықтың құрылымдық бөлімшелерін, яғни тұрғын бөлмелерін, медициналық блокты, асхананы, мамандар кабинеттерін (физиокабинет, психолог кабинеті, сенсорлық, тұз бөлмелері және т.б.) аралады.
Семинар барысында қатысушылар өзара тәжірибе алмасты, арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұйымдастыруға және көрсетуге қатысты барлық сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.
Семинар облыстық тарихи-өлкетану мұражайына жасалған экскурсиямен аяқталды.