29 тамыз мерекелік күніне орай әлеуметтік көмек.

29 тамыз мерекелік күніне орай әлеуметтік көмек.

Жыл сайын Қазақстан Республикасында 29 тамыз – «Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні» мерекелік күні аталып өтеді.

Облыс аудандары мен Петропавл қаласында осы мерекелік күнге орай 35 айлық есептік көрсеткіш (129 220 теңге) мөлшерінде әлеуметтік көмек төлемдері төленеді.

Ағымдағы жылы облыс бойынша 450-ден астам адам осы көмек түрімен қамтылды.