Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру

Аудандар мен Петропавл қаласының Мансап орталықтары азаматтардың жекелеген санаттарына, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша жұмысты жалғастыруда.

Осылайша, 2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша мүгедектігі бар адамдарға 413 жұмыспен қамту шарасы көрсетілді.

293 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 292 -сі деректер базасында қолда бар бос жұмыс орындарына, оның ішінде 25 -сі квоталанатын жұмыс орындарына, 137-сі уақытша жұмыс орындарына (қоғамдық жұмыстарға -98, әлеуметтік жұмыс орындарына -7, жастар тәжірибесіне -9, «Күміс жас» жобасына -15 және «Алғашқы жұмыс орны» жобасна-8) орналастырылды.

Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 86 адам «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды, 25 адам грант алды.

Кәсіби дағдыларды алу үшін 9 адам қысқа мерзімді курстардан өтті.

Жалпы, мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша қабылданып жатқан шаралар қолда бар қажеттілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.