
Қазiргi уақытта облыс бойынша әкiмдiктердiң қолдауымен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң өкiлдерiмен бiрлесiп, ауылдық жерлерде және Петропавл қаласында тұратын әйелдер, соның iшiнде АӘК алушылар қатарындағы қатысушылары болып табылатын жұмыспен қамту және кәсiпкерлiктi қолдау тетiктерiн түсiндiрумен қатар, «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТБ-ның оқыту семинарлары ұйымдастырылды.
Оқыту шеңберiнде дайын бизнес-кейстер (омарта шаруашылығы, құс шаруашылығы, балық шаруашылығы, микрозеления өсiру, жылыжайларда көкөнiс өсiру және т.б.), кәсiпкер әйелдердiң табысты тәжiрибесi, шаруашылық жүргiзудiң жаңа дағдыларына үйрету құралдары ұсынылды.