Еңбек мобильділігі орталығымен, Мансап орталықтарымен, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен өткен Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының алқасы

Еңбек мобильділігі орталығымен, Мансап орталықтарымен, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен өткен Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының алқасы

2024 жылғы 4 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Р.С. Елжасовтың төрағалығымен 2024 жылдың 6 айы ішіндегі жұмыс қорытындысы және 2–ші жартыжылдыққа арналған міндеттерді айқындау бойынша алқа отырысы өтті.

Алқа жұмысына басшының орынбасарлары, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Еңбек мобильділігі орталығының директоры, Мансап орталықтарының директорлары, аудандар мен Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары қатысты.

Алқаның күн тәртібінде қаралған мәселелер:

  1. Халықты жұмыспен қамту, азаматтарды көшіру және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы;
  2. Жұмыспен қамту шараларын іске асыру туралы;
  3. Азаматтарды әлеуметтік қолдау туралы.

Алқа қорытындысы бойынша Басқарма басшысы хаттамалық тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, Астана күнін мерекелеу қарсаңында Еңбек мобильділігі орталығының директоры А. Ж. Төрегелдин, Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары
Ж.Х. Ақылбекова мен Д.Е. Асылбеков Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының Құрмет грамоталарымен марапатталды.