2020 жылғы бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi жөнiндегi «Парыз» конкурсы

2020 жылғы бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi жөнiндегi «Парыз» конкурсы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына сәйкес облыста бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi жөнiндегi конкурсты өткiзуге дайындық жұмыстары жүргiзiлуде.

Қазiргi уақытта жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнен конкурсқа қатысуға 23 өтiнiм түстi, оның iшiнде келесi номинациялар бойынша:

  1. «Үздiк әлеуметтiк жауапты кәсiпорын» — 9;
  2. «Еңбектi қорғау саласындағы үздiк кәсiпорын» — 4;
  3. «Үздiк ұжымдық шарт» — 7;
  4. «Экологияға қосқан үлесi үшiн» — 3.

Сонымен қатар, үмiткерлердiң өтiнiмдерiн бағалау үшiн сараптамалық жұмыс тобы құрылды, оған жұмыспен қамту, экология және мемлекеттiк еңбек инспекциясы органдарының, кәсiподақтар мен «Атамекен» кәсiпкерлер палатасының өкiлдерi кiрдi.

Карантиндiк шараларға және бiрқатар кәсiпорындар қызметiнiң тоқтатылуына байланысты, өтiнiм беру мерзiмi 2020 жылдың 1 тамызына дейiн ұзартылды.

Бизнес субъектiлерi Конкурсқа қатысу үшiн өзiнiң әлеуметтiк-еңбек қатынастарындағы, сондай-ақ, төтенше жағдай режимi мен елдегi коронавирустық инфекция пандемиясымен байланысты қолданыстағы шаралар кезеңiнде өз қызметкерлерiне де, жалпы халыққа да көрсетiлетiн көмегi туралы оң тәжiрибесiн көрсете отырып, аудандар мен Петропавл қаласының жұмыспен қамту органдарына жүгiне алады.

Үмiткерлер барлық қажеттi материалдарды жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасына немесе аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiне ұсына алады.