
«Арман» Петропавл балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ тәрбиеленушісі Дуйшанбе Сымбат Астана қаласында өткен ХІХ «Жұлдызай» республикалық балалар шығармашылығының фестиваліне қатысып, «Вокал» номинациясы бойынша 3-ші жүлделі орынға ие болды.
СҚО әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Р.С. Елжасов Сымбатты жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыстар тіледі.
Балалар мекемелеріндегі қызмет алушы балалардың шығармашылық фестивальдерге қатысуы мүмкіндігі шектеулі балаларға үміт сыйлайды және өздеріне деген сенімін арттырады, бұл рухы мықты адамның ең жоғары биіктерге қол жеткізе алатынының айғағы болып табылады.