
Қазақстанда жас мамандардың зейнеткерлік жасқа дейінгі қызметкерлерден тәжірибе алуға бағытталған «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы табысты іске асырылып жатыр. Жоба кәсіпкерлік субъектілерін қолдауды қамтамасыз етіп қана қоймай, 3 жыл ішінде оқуын аяқтаған оқу орындарының түлектерін 30 АЕК (2024 ж.-110760 теңге) жалақы төлей отырып, жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге бағытталған.За время реализации проекта трудоустроено более 50 выпускников.
Осындай мысалдардың бірі Жамбыл ауданы Буденный ауылында тұратын, Астана қаласы «ASTANAPOLITECHNIC» колледжінің түлегі 2003 жылы туған Тасқожин Бекжан Серікұлы болып табылады.
«Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және оны іске қосу» мамандығы бойынша диплом алғаннан кейін, Бекжан Мансап орталығына жұмыс іздеп келіп, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша «Рубин» ФҚ-ға инженер-механизатор ретінде жұмысқа орналасты.
Алты ай ішінде Бекжан тәлімгерден қажетті дағдылар үйренді, бұл оған тұрақты табыс көзін табуға мүмкіндік берді.
Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға қатысқысы келетін жұмыс берушілер мен түлектер Еnbek.kz порталынан толық ақпарат ала алады немесе тұрғылықты жері бойынша Мансап орталығына хабарласуға болады.