МӘМ материалдық-техникалық базасын нығайту, жаңа автокөлiк

МӘМ материалдық-техникалық базасын нығайту, жаңа автокөлiк

Көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын арттыру, қазiргi заманғы жабдықтармен жабдықтау, тұрғын бөлмелер мен үй-жайларды жайластыру мақсатында медициналық-әлеуметтiк мекемелердiң (бұдан әрi — МӘМ) материалдық-техникалық базасын нығайтуға ерекше назар аударылады.

2020 жылы өткен жылмен салыстырғанда мекемелердiң материалдық-техникалық базасын нығайту жөнiндегi iс-шараларға қаржыландыру көлемi төрт есеге (3,7 есе) ұлғайып, қаражаттың жалпы көлемi 155109,0 мың теңгенi құрады. Ас үй, кiр жуу, медициналық жабдықтар, жиһаз жаңартылды, 9 бiрлiк жаңа автокөлiк, 3 санитарлық автокөлiк, 5 шағын автобус (оның екеуi балалар мекемелерiне), 1 жолаушылар автобусы сатып алынды.

Ағымдағы жылы Нәтижелi жұмыспен қамтудың «Еңбек» бағдарламасы және жұмыспен қамту жол картасы шеңберiнде 7 мекемеде жалпы сомасы 362 154,7 мың теңгеге ғимараттарды, шаруашылық нысандарын және инженерлiк коммуникацияларды ағымдағы жөндеу бойынша 14 жоба iске асырылуда, бұл қызмет алушылардың болу жағдайын және әлеуметтiк қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкiндiк бередi.