
Ағымдағы жылғы 23 маусымда Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары Асқар Сақыпкереевтiң қатысуымен бейнеконференция байланысы бойынша Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасына ведомстволық бағынысты медициналық-әлеуметтiк мекемелер директорлары мекемелердiң 2020 жылы ағымдағы жұмыс кезеңiндегi қызметiнiң қорытындылары туралы есептерi тыңдалды.
Есеп беру барысында қызмет алушыларға әлеуметтiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру, МӘМ-де жөндеу жұмыстарын жүргiзу, сондай-ақ мекемелерде COVID 19-дың таралуына жол бермеу үшiн санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау мәселелерi және басқа да iс-шаралар талқыланды.
Есеп беру қорытындысы бойынша медициналық-әлеуметтiк мекемелердiң басшыларына ұсыныстар мен тиiстi тапсырмалар берiлдi.