«Қорғаншылық және қамқоршылық мәселелері бойынша құқықтық кеңес беру күні» тақырыбында өткен дөңгелек үстел

«Қорғаншылық және қамқоршылық мәселелері бойынша құқықтық кеңес беру күні» тақырыбында өткен дөңгелек үстел

Ағымдағы жылғы 26 сәуірде басқарма «Петропавл әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ жанында «Қорғаншылық және қамқоршылық мәселелері бойынша құқықтық кеңес беру күні» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі, қызмет алушылардың туыстары, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері, әлеуметтік қызмет көрсету орталығының мамандары қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысы барысында әлеуметтік-құқықтық қызметтер көрсету, қызмет алушылардың құқықтарын қорғау және қорғаншылық орнату мәселелері қаралды, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету түрлері мен көлемі бойынша түсініктемелер берілді.

Орталықтың қамқорлығындағы адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, өткізілетін іс-шаралар туралы ақпаратты Instagram әлеуметтік желісіндегі petropavl_qko парақшасынан табуға болады.