
Маусым айында Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының базасында басқарма басшысы «Петропавл балалар әлеуметтiк қызмет көрсету орталығы» КММ күндiз болу бөлiмшесiнде қызмет алушылардың ата-аналарымен, заңды өкiлдерiмен кездестi.
Кездесу барысында қызмет алушылардың ата-аналары мен заңды өкiлдерiнен бiрқатар сұрақтар түстi. МӘМ әкiмшiлiгi мен басқарма ұсынылған мәселелердi тақырыптары бойынша тiкелей пысықтайды.
Күндiз болу бөлiмшесi 2010 жылдан бастап жұмыс iстейдi, 45 төсек-орынға шақталған. Бөлiмше күндiзгi уақытта 1,5 жастан 18 жасқа дейiнгi психоневрологиялық аурулары бар балаларға арнайы әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған.
Қазiргi уақытта облыста енгiзiлген санитарлық-эпидемиологиялық iс-шараларды және шектеу шараларын ескере отырып, бөлiмшенiң қызметi тоқтатылды.
Басқа МӘМ-де ақпараттық-түсiндiру жұмыстары және қамқорлықтағы адамдардың туыстарымен қашықтықтан жұмыс жүргiзу режимiнде кездесулер ұйымдастырылды.