Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің отырысы туралы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің отырысы туралы

Мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру және әлеуметтік қолдау, сондай-ақ мемлекеттік органдардың үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде мүгедектігі бар адамдар және олардың заңды өкілдері ағымдағы жылғы 8 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі -Үйлестіру кеңесі) отырысын өткізді.

Үйлестіру кеңесінің отырысында мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына қолжетімділігін қамтамасыз ету бөлігінде Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің нормаларын сақтау, балалардағы туа біткен және тұқым қуалайтын ауруларды анықтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, әлеуметтік осал азаматтарға тегін жол жүру бойынша әлеуметтік көмек ұйымдастыру туралы, мүгедектігі бар адамдарға санаторлық-курорттық емдеу туралы мәселелер қаралды.

Іс-шараға Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті департаментінің, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, құрылыс, сәулет және қала құрылысы органдарының, аудандар мен Петропавл қаласы әкімдіктерінің өкілдері, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.