Су тасқынынан зардап шеккендерге әлеуметтік көмек

Су тасқынынан зардап шеккендерге әлеуметтік көмек

Егер Сізге су тасқыны салдарынан залал келтірілген болса, Сіз әлеуметтік көмек алу үшін өтінішке қоса:

1) жеке басыңызды куәландыратын құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін);

2) табиғи зілзала салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне келтірілген залал фактісін растайтын құжатты (аудандық (қалалық) төтенше жағдайлар бөлімінен  алынған анықтама, акт);

3) әлеуметтік көмекті аудару үшін деректемелерді (банк шоты)  ұсына  отырып, кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне, тұрғылықты жеріңіз бойынша орналасқан Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгіне аласыз.