Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қызметіне мониторинг

Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қызметіне мониторинг

Ағымдағы жылғы наурыз ай ішінде жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ведомстволық бағынысты Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қызметіне кезекті мониторинг жүргізілді. Мониторингтік топтың құрамына білім, денсаулық сақтау, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармаларының, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің өкілдері, басқарма өкілдері кірді. Мониторингтік топ 8 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды. Мониторинг барысында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, тұру жағдайлары, қызмет алушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін сақтау мәселелері қаралды, қызмет алушылармен кездесулер мен әңгімелер өткізілді. Мониторинг қорытындысы бойынша жұмыс тобы мекемелерде көрсетілетін қызметтердің сапасы мен тиімділігін одан әрі арттыру үшін ұсынымдар әзірледі.