
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ағымдағы жылғы 28 наурызда жергілікті атқарушы органдардың мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған үкіметтік емес ұйымдармен және отбасылармен кездесуін өткізді, онда ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға қатысты мәселелер қаралды.
Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі, денсаулық сақтау, білім беру, спорт, мәдениет, Петропавл қаласы әкімдігінің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсету, облыста арнайы және инклюзивті білім беруді ұйымдастыру, Ерте араласу орталығын ашу, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін әлеуметтік және көлік инфрақұрылымының қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Іс-шара қорытындысы бойынша, үкіметтік емес ұйымдар мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар айтты.
Бұл жұмыс әлеуметтік инклюзияны дамытуға және мүгедектігі бар адамдарды қолдауға бағытталған.