
Аз қамтылған және көп балалы отбасылардың табыс деңгейiн арттыру және өмiрлiк қиын жағдайдан шығару мақсатында «Еңбек» бағдарламасы шеңберiнде Солтүстiк Қазақстан облысында жұмыспен қамту шаралары кешенi ұсынылады, оның iшiнде өз iсiн ашу үшiн гранттар берiледi.
Ағымдағы жылдың басынан берi 18 көп балалы ана аталған бағдарламаға қатысуға ниет бiлдiрiп, омарта шаруашылығы, құс шаруашылығы, мал шаруашылығы, тiгiн iсi, жиһаз жасау, сұлулық салонын ашу бағыттары бойынша бизнес идеяларын iске асыру үшiн гранттар алды.
Төтенше жағдайдың әрекет ету кезiнде сәуiр және мамыр аралығында Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары ZOOM платформасы арқылы онлайн режимiнде «СҚО-да кәсiпкерлiктi дамыту» тақырыбында семинарлар өткiздi, 86 әйел осы тақырыпқа қызығушылық танытты және қазiргi уақытта грант алу үшiн құжаттар рәсiмдеуде.