
Қазiргi уақытта облыс аудандарында және Петропавл қаласында ағымдағы жылдың мамыр айында атаулы әлеуметтiк көмек алатын отбасылардан шыққан мектеп жасына дейiнгi балалар үшiн кепiлдi әлеуметтiк тлптама (азық-түлiк және тұрмыстық химия тауарлары) берiледi. Мұндай топтамалар отбасында 1 жастан 6 жасқа дейiнгi әрбiр балаға берiледi.
ҚР Денсаулық сақтау министрлiгiнiң ұсынысы бойынша азық-түлiк жиынтықтары физиологиялық ерекшелiктердi, өнiмдердiң тағамдық және энергетикалық құндылығының арақатынасын және балалардың жасына сәйкес оларды қолдану нормаларын ескере отырып қалыптастырылған.
Облыс аудандарында азық-түлiк және тұрмыстық химия жиынтықтарын селолық округ әкiмдерi бередi, Петропавл қаласының тұрғындары аталған жиынтықтарды Ш. Уәлиханов көшесi, 56 мекенжайы бойынша орналасөан «Магнум» ЖШС ала алады.