
Ағымдағы жылдың маусым айында Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары Асқар Сақыпкереев облыстың медициналық-әлеуметтiк мекемелерiне барды.
Мекемелерге бару барысында облыс әкiмiнiң орынбасары арнайы әлеуметтiк қызмет көрсету саласындағы ұйымдардың қызметi, сондай-ақ коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөнiндегi шараларды сақтау, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау және МӘМ-дегi жөндеу жұмыстарының барысы сияқты мәселелер қаралды.