Мүгедектігі бар балаларға жартылай стационар жағдайында қызмет көрсету туралы ақпарат

Мүгедектігі бар балаларға жартылай стационар жағдайында қызмет көрсету туралы ақпарат

Петропавл балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығында күндіз болу бөлімшесі жұмыс істейді, ағымдағы жылы ол 70 орынға дейін кеңейтілді, қазіргі уақытта бөлімшеде 58 бала қызмет алады.

Бөлімшеде жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қажет ететін психоневрологиялық патологиялары (ақыл-ой кемістігі) бар бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар бола алады.

Бөлімнің негізгі міндеттері Стандартқа сәйкес қызмет көрсету, оңалту іс-шараларын жүргізу, сондай-ақ тәрбиеленушілерге өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын үйретуді, балалардың сөйлеу, моторикасын, танымдық іс-әрекетін, еңбек дағдыларын дамытуды көздейтін түзету-дамытушылық оқытуды ұйымдастыру болып табылады.

Бөлімшеде балалармен психолог, логопед, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, ЕДШ нұсқаушысы, еңбек жөніндегі нұсқаушы, музыкалық жетекші, дефектолог, тәрбиешілер және т.б. мамандар айналысады. Қызметтер мекеме мамандары әзірлейтін жеке жұмыс жоспары негізінде балалардың жеке қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын ескере отырып ұсынылады.

Көрсетілімдер бойынша бөлімше тәрбиеленушілер массаж алады, емдік дене шынықтыру, тұз бөлмелеріне барады, психологиялық түзету кабинетінде - сенсорлық бөлмеде, Монтессори бөлмесінде оқиды.