Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссия отырысын өткізу тура

Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссия  отырысын өткізу тура

   Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы  (бұдан әрі – Басқарма) 2024 жылғы  12 ақпанда сағат 11.00-де шетелдік жұмыс күшін тарту үшін рұқсат беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) отырысының өтетіні туралы хабарлайды.

    Комиссия отырысы Петропавл қаласы, Абай көшесі 64мекенжай бойынша орналасқан Басқарманың кіші залында өтеді.

    Комиссия отырысына шетелдік жұмыс күшін тарту үшін «Атамекен-Агро» ЖШС Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 279 бұйрығымен бекітілген Шетелдік жұмыс күшін тартуға жұмыс берушілерге рұқсаттар беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарына сәйкес құжаттардың толық тізбесін ұсынды.  

    Қосымша сұрақтар бойынша 8(7152) 46-37-43, факс 46-90-73 телефондары арқылы басқарманың уәкілетті өкілі – шетелдік жұмыс күшін тарту үшін рұқсат беру жөніндегі комиссияның хатшысына хабарласуға болады, электрондық пошта zsp@sqo.gov.kz., басқарманың веб-сайты ukzsp.sko.gov.kz.