
Халықтың осал топтарын әлеуметтік қолдаудың және оларға көмек көрсетудің бір түрі жалғызбасты қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға, бөгде адамдардың күтімі мен көмегіне мұқтаж мүгедектігі бар балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету болып табылады.
Үйде күтім жасау жағдайында аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері жанындағы 39 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі қарттар мен мүгедектігі бар адамдар қатарындағы 3 мыңнан астам азаматқа, оның ішінде тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектігі бар балаға қызмет көрсетеді.
Бұл санаттағы адамдарға 800-ден астам әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетеді.
Әлеуметтік қызметкерлер Үйде қызмет көрсету жағдайында халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына сәйкес адамдардың жеке қажеттіліктері мен мұқтаждығын ескере отырып, 8 бағыт бойынша әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсетеді.
Балаларға өзіне-өзі қызмет көрсету, әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік-қоршаған ортаға бейімделу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған қызметтер ұсынылады. Әлеуметтік қызметкерлер балалармен сөйлеу дағдыларын және танымдық белсенділігін, жалпы моториканы дамытумен, санитарлық-гигиеналық және еңбек дағдыларын қалыптастырумен айналысады.
Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету қызмет алатын адамға әдеттегі әлеуметтік ортада болуына қолайлы жағдайлар жасауға, гигиеналық талаптарға сәйкес тұру жағдайларын ұсынуға бағытталған.
Үкіметтік емес секторда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы үйде күтім жасау жағдайында көрсетілетін қызметтерді «АДОН-Север» қоғамдық бірлестігі көрсетеді, 2023 жылы 80 адамға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.