Кәсіптік оқыту бойынша оң мысал

Кәсіптік оқыту бойынша оң мысал

           Ирина Кухаренко өз еңбек жолын «Универсам» дүкенінің сатушысы ретінде бастады, әр жылдары түрлі лауазымдарды атқарып жүрсе де, алайда көпшілік халық үшін әртүрлі тағамдар дайындауға деген құштарлығы жеңіп, осы мамандықты жан-тәнімен таңдайды.

         2023 жылы Ирина Александровна жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін «Мағжан Жұмабаев ауданының Мансап орталығы» КММ-ға  жүгінген кезде, оған Петропавл қаласының «Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде» «кондитер» мамандығы бойынша кәсіптік оқудан өту ұсынылған болатын.

         2023 жылғы маусым айында оқуын бітіріп, сертификат алады, сондай-ақ, Булаев қаласының «Юстиниан және К» ЖШС-ға бас аспаз болып жұмысқа орналасады.