Мүмкiндiгi шектеулi адамдарды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету

Мүмкiндiгi шектеулi адамдарды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету

2020 жылғы 1 маусымда мүмкiндiгi шектеулi 92 адам Ақмола облысының Щучье-Бурабай аймағында орналасқан «Алмаз» шипажайына санаторлық-курорттық емделуге алғашқы болып аттанды.

Жайлы автобустарда шипажайға дейiн және керi қарай жол жүрудi қоса алғанда, ұзақтығы 14 күнтiзбелiк күнге созылатын сауықтыру демалысы мүгедектер үшiн тегiн берiледi.

Бұдан әрi санаторлық-курорттық емдеу қызметтерiн алу үшiн әрбiр екi апта сайын топтар құрылатын болады. Келесi аттану ағымдағы жылғы 15 маусымда болады.