Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру

Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру

Әлеуметтік кодекс шеңберінде білім беру ұйымдарында және жұмыс берушілердің жұмыс орнында кәсіптік оқыту көзделген.

Бұл шараны  жұмыс берушілер бір жылдан астам уақыт бойы жұмыс істейтін, сонымен қатар салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды үнемі төлеп отыратын және жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ жұмыс берушілер пайдалана алады.

Кадрларға қажеттілік туындаған жағдайда жұмыс берушінің мансап орталығы арқылы өтініш беруге және қажет болған жағдайда оны жыл ішінде жаңартуға мүмкіндігі бар.

Бұдан басқа, жұмыс берушілердің материалдық-техникалық базасы және білікті қызметкерлері болған жағдайда, болашақ маманды өз кәсіпорында  оқытуға мүмкіндік бар.

Өз кезегінде, мемлекет оқудан өтіп жатқан жұмыссыздарға оқу ақысын, шәкіртақы, сондай-ақ жол жүруге, тұруға және медициналық тексеруден өтуге ақымен қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, жұмыс орнында оқыту кезінде қатысушыларға жалақы төлеу түрінде мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

Кәсіптік оқытуға қатысқысы келетіндер тұрғылықты жері бойынша орналасқан Мансап орталығына жүгіне алады.