
Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында (бұдан әрі – ӘҚО) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету «Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 221 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
ХҚКО-да арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесі әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық қызметтерді қамтиды.
Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер қызмет алушылардың тұрмыстағы тыныс-тіршілігін қолдауға бағытталған.
Әлеуметтік-медициналық қызметтер қызмет алушылардың денсаулығын сақтауға және жақсартуға бағытталған.
Әлеуметтік-психологиялық қызметтер қызмет алушылардың психологиялық жағдайын түзетуді көздейді, олардың әлеуметтік бейімделуіне, әлеуметтенуіне және тіршілік ету ортасына интеграциялануына бағытталған.
Әлеуметтік-педагогикалық қызметтер балаларды дене мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттерін ескере отырып, педагогикалық түзетуге және оқытуға, 18 жастан асқан балалар мен адамдарды тұрмыстық дағдылар мен қол шеберлігі дағдыларына үйретуге бағытталған.
Әлеуметтік-еңбек қызметтері қызмет алушылардың еңбек дағдыларын қалыптастыруға, 18 жастан асқан адамдарға, мүгедектігі бар адамдарға, қарттар мен үйсіз адамдарға қалдық еңбек дағдыларын сақтау және дамыту және еңбек қызметін ұйымдастыру үшін жағдайлар жасауға бағытталған.
Әлеуметтік-мәдени қызметтер бос уақытты ұйымдастыруға, әлеуметтік-мәдени іс-шараларды өткізуге және оларға қызмет алушыларды тартуға бағытталған.
Әлеуметтік-экономикалық қызметтер қызмет алушылардың өмір сүру деңгейін қолдауға және жақсартуға бағытталған.
Әлеуметтік-құқықтық қызметтер құқықтық мәртебені сақтауға немесе өзгертуге, заң көмегін көрсетуге, қызмет алушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған.
Бұл қызметтер жеке даму, әлеуметтену және ықпалдастыру деңгейін арттыруға бағдарланған көрсетілетін қызметтерді алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, стационарлық үлгідегі 8 ӘҚБ және Мүгедектігі бар адамдарды оңалту орталығында көрсетіледі.