
2020 жылғы 29 мамырда Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасында әр түрлi қызмет саласындағы мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң мүгедектермен, мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң төрағаларымен кездесуi өттi, онда мүмкiндiктерi шектеулi адамдардың заңды құқықтары мен мүдделерiн сақтауға қатысты өзектi проблемалық мәселелер қаралды.
Кездесуге Еңбек, әлеуметтiк қорғау және көшi-қон комитетi департаментiнiң, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының, дене шынықтыру және спорт басқармасының, мемлекеттiк еңбек инспекциясы басқармасының, бiлiм басқармасының, кәсiпкерлiк және туризм басқармасының, денсаулық сақтау басқармасының, Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң ТКШ, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмiнiң, Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң және т.б. өкiлдерi қатысты. Олармен бiрге халықтың қауқары аз топтары үшiн тұрғын үй-жайлар нысандарының, әлеуметтiк инфрақұрылым нысандарының қолжетiмдiлiгi, мүгедектердi оңалту құралдарымен қамтамасыз ету, дене шынықтыру мен спортқа тең құқылы қолжетiмдiлiк, еңбек заңнамасын сақтау, мүгедек балаларды инклюзивтi оқытуды ұйымдастыру, мүмкiндiгi шектеулi адамдардың қоғамдық көлiкте қозғалуға қол жеткiзу мәселелерi және басқа да көптеген проблемалық мәселелер қаралды.
Кездесу қорытындысы бойынша болашақта мүгедектiгi бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмiр сүру сапасын жақсартуға ықпал ететiн ұсыныстар мен ұсынымдар әзiрлендi.