
«AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасының
87 - тармағына сәйкес 2021 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысының аумағында «Ten Qogam» мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау орталығы жұмыс істейді.
Орталықтың негізгі міндеттерінің бірі мүгедектігі бар адамдар үшін кәсіптік оқыту курстарын ұйымдастыру және оларды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына одан әрі тарту болып табылады.
Мәселен, 2021-2023 жылдар аралығында кәсіптік оқыту курстарын сәтті аяқтағандар ішінен 47 адам (оның ішінде 2023 жылы 21 адам) жұмысқа орналастырылды.
Орталық қызметі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жүзеге асырылады (қызмет көрсетуші – «АРДОС-Жүрек» мүгедектер бірлестігі» ЗТБ).
2021-2023 жылдар аралығында Орталық 1404 адамды (оның ішінде 2023 жылы 496 адам) қамтыды. Осы мақсаттарға облыстық бюджет қаражатынан 31,4 млн. теңге (оның ішінде 2023 жылы 11 млн. теңге) бөлінді.
Бұдан басқа, «Ten Qogam» мүгедектігі бар адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы мүгедектігі бар адамдарды қолдауға бағытталған консультациялық-психологиялық іс-шаралар өткізеді.
Осы жобаны іске асыру жалғасады.