
Ағымдағы жылғы 21 қарашада СҚО әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері СҚО полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасымен бірлесіп, «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу күндері Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған баспанаға барды.
Сапар барысында полиция қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендермен профилактикалық әңгімелесу өткізді, басқарма өкілдерімен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тәртібі туралы түсініктемелер берілді.
Облыстағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған баспана «Әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі арқылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жұмыс істейді.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер кешені, оның ішінде медициналық, құқықтық, психологиялық, экономикалық, мәдени, педагогикалық қызметтер көрсетіледі, 6 айға дейінгі мерзімге баспанада тұру мүмкіндігі беріледі.
Әлеуметтік қолдау көрсету үшін тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдар 46-13-26 нөмірі бойынша «Әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің сенім телефонына, әлеуметтік қорғау жүйесінің уәкілетті органдарына, полиция органдарына тікелей жүгіне алады.