Жұмыс берушілер үшін электрондық еңбек шарттарын қалыптастыру процесі жеңілдетілді

Жұмыс берушілер үшін электрондық еңбек шарттарын қалыптастыру процесі жеңілдетілді

2023 жылғы қазан айында HR.Enbek.kz Қазақстан Республикасының еңбек ресурстары порталында  (бұдан әрі-портал) электрондық еңбек шарттарын жасасу жөніндегі функционал іске қосылды. Қызметкерлер құжатқа портал арқылы да, Enbek HR мобильді қосымшасында да қол қоя алады.

Бұрын еңбек шарттары қағаз тасығышта жасалатын, ал олар туралы ақпаратты кадр қызметтері Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (бұдан әрі – ЕШЕБЖ) енгізетін. Енді жұмыс берушілер қажетті мәліметтерді толтыру үшін ыңғайлы конструкторды пайдалана алады, порталдың «Еңбек шарттары» бөлімінде құжаттың жобасын жасап немесе шарт файлын жүктеп, оны қызметкердің жеке кабинетіне жібере алады.

Сіз жаңа функцияны Enbek HR мобильді қосымшасында да пайдалана аласыз. Қолданбаны AppStore және PlayMarket қосымшаларынан  жүктеп алуға болады.

Тараптар шарт талаптарымен келіскен жағдайда оған ЭЦҚ немесе eGov мобильдік қосымшасы арқылы QR-қолтаңба арқылы қол қоюға болады. Осыдан кейін электрондық еңбек шарты ЕШЕБЖ-ға автоматты түрде тіркеледі және жұмыс берушіге де, қызметкерге де қарау және жүктеу үшін қолжетімді болады. Қажет болған жағдайда, оның түпнұсқалығы құжатқа қосылған QR кодымен расталады.