«Күміс жас» жобасы бойынша жұмысқа орналасудың оң мысалы

«Күміс жас» жобасы бойынша жұмысқа орналасудың оң мысалы

50 жастан асқан жұмыссыздарды жұмыспен қамту үшін Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданында "Күміс жас" жобасы іске асырылуда. Осы жобаға қатысушылардың бірі -1961 жылы туған  Жексенбай Темкенұлы Балтабаев.

2022 жылғы 14 сәуірде Жексенбай Темкенұлы СҚО Уәлиханов ауданының халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеп барып, «Күміс жас» жобасы бойынша «Простор» фермерлік шаруашылығына механизатор ретінде  жұмысқа орналасты.

Жобада бір жыл жұмыс істегеннен кейін өзін жақсы жағынан көрсете отырып, осы кәсіпорынға тұрақты жұмыс орнына қабылданды, бүгінгі күнге дейін осы жерде өз қызметін жалғастыруда.