Солтүстiк Қазақстан облысында атаулы әлеуметтiк көмек алушы аз қамтылған отбасылардың 1 жастан 6 жасқа дейiнгi балаларына кепiлдi әлеуметтiк топтама берiле басталды

Солтүстiк Қазақстан облысында атаулы әлеуметтiк көмек алушы аз қамтылған отбасылардың 1 жастан 6 жасқа дейiнгi балаларына кепiлдi әлеуметтiк топтама берiле басталды

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек (бұдан әрi — АӘК) туралы қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгiзiлдi, онда АӘК-мен қатар 1 жастан 6 жасқа дейiнгi әрбiр балаға кепiлдендiрiлген әлеуметтiк топтама (азық–түлiк жиынтығы — ай сайын және тұрмыстық химия тауарлары — тоқсанына 1 рет) алатын болады. Азық-түлiк жиынтықтарында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi ұсынған өнiмдер бар, олардың құрамына аталған жастағы балаларға арналған қажеттi минералдар мен витаминдер кiредi.

Ағымдағы жылғы 9 наурыздан бастап облыста КӘТ — яғни, атаулы әлеуметтiк көмек алушы аз қамтылған отбасылардың 1 жастан 6 жасқа дейiнгi балаларына 1240 топтама, оның iшiнде 1 жастан 3 жасқа дейiнгi 659 топтама, 3 жастан 6 жасқа дейiнгi 559 топтама берiле бастады.