Enbek мобильді қосымшасындағы жаңа мүмкіндікте

Enbek мобильді қосымшасындағы жаңа мүмкіндікте

Енді «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқуға жазылуға және мемлекеттік грант алуды Enbek мобильдік қосымшасында ресімдеуге болады. Жұмыс іздеу, жұмыссыздарды тіркеу және жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алудан басқа азаматтарға Business.Enbek.kz. кәсіпкерлікті қолдау қызметтеріне қолжетімділік берілді.  

Enbek мобильдік қосымшасының көмегімен пайдаланушылар «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін үйрену үшін оқуға жазыла алады, сондай-ақ өздерінің бизнес – идеяларын іске асыруға 400 АЕК-ға дейін мемлекеттік грант алу үшін өтініш беруден бастап шартқа қол қою және оның нысаналы пайдалануы туралы есептерді тапсыруға дейін бүкіл процесті осы жерде өту мүмкіндігі бар.

Enbek мобильді қосымша пайдаланушыларға мынадай артықшылықтар береді:

  1. Электрондық цифрлық қолтаңбаның қажеті жоқ. Енді өтініш пен шартқа қол қою тікелей мобильді құрылғыда жүзеге асырылады. Ол үшін смартфонда eGov Mobile қосымшасы болуы керек;
  2. Компьютердің немесе ноутбуктің болмауы енді проблема емес - жұмыспен қамту қызметтері мен мемлекеттік грантты смартфон арқылы алуға болады;
  3. Грантқа өтінішті қарау мәртебесі туралы уақытылы хабарлау үшін мобильді құрылғыға Push-хабарламалар жіберіледі.

Қосымша барлық адамдар үшін тегін және PlayMarket және AppStore-да қолжетімді. Болашақта қосымшаның функционалдығы кеңейіп, жаңа қызметтер қосылатын болады.