- 2023 жылғы 8 қыркүйекте әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтті, онда 1) «PARYZ» ҚР жұмыс берушілердің (кәсіпкерлердің) Ұлттық конфедерациясымен ынтымақтастық туралы, 2) «Еңбек шартын жасаңыз» облыстық науқанын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы, 3) Жұмыс берушілермен халық жалақысын арттыруға қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы, 4) Міндетті әлеуметтік аударымдарды уақытылы төлеу туралы мәселелер қаралды.
Сонымен қатар, 2023 жылы «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі конкурсының өңірлік турының қорытындысы шығарылды.
Отырыс қорытындысы бойынша мердігерлік және қосалқы мердігерлік кәсіпорындардың қызметкерлермен еңбек шарттарын жасасу жөніндегі жұмысты жандандыру, сондай-ақ а.ж. қыркүйек айында осындай күн тәртібі бойынша және кәсіпорын басшыларын шақыра отырып, аудандық (қалалық) үшжақты комиссиялар отырысын өткізу ұсынылды.