30 тамыз-Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесіне орай әлеуметтік көмек

30 тамыз-Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесіне орай әлеуметтік көмек

Солтүстік Қазақстан облысында 30 тамыз – «Қазақстан Республикасының Конституциясы күні» мерекесіне орай:

- Қазақстан Республикасы алдындағы ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға, облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесі бар зейнеткерлерге, облыстың, қаланың (ауданның) құрметті азаматтарына;

- Социалистік Еңбек Ері, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері;

- «Қазақстанның Еңбек Ері», «Халық Қаһарманы» құрметті атағы бар адамдарға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көзделген.

Ағымдағы жылы 7,1 млн. теңге сомасына көмектің осы түрімен 207 азамат қамтылды.