2024 жылы шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота қалыптастырудың басталғаны туралы

2024 жылы шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота қалыптастырудың басталғаны туралы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік қызметкерлер Басқармамен берілетін рұқсаттар негізінде тартылады.

Рұқсаттар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікке бөлінген квота шегінде беріледі.

Осыған байланысты, ағымдағы жылғы 1 қазанға дейін шетелдік жұмыскерлерді тартқысы келетін жұмыс берушілер алдағы жылға квота қалыптастыру үшін Басқарма атына шетелдік жұмыс күшіне деген қажеттілік бойынша ақпарат жіберуі қажет.

Рұқсаттар беру және (немесе) ұзарту үшін жұмыс берушілерден салық алымы алынады, ол экономикалық қызмет түріне және тартылатын шетелдік қызметкерлердің санатына байланысты 137-ден 462 АЕК-ке дейін мөлшерін құрайтынын қосымша хабарлаймыз,

Қызықтыратын сұрақтар бойынша 8(7152) 46-37-43 телефонына, pereselenie-ukzsp@sqo.gov.kz электрондық поштасына хабарласуға болады.