Жастарға арналған микрокредиттер

Жастарға арналған микрокредиттер

Ағымдағы жылғы 10 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында бизнес жоспарларды іріктеу бойынша, жастардан келіп түскен 4 өтінімді қарай отырып, кезекті конкурс комиссиясының отырысы өтті, оның ішінде 2 өтінім мал шаруашылығы саласына және 2 өтінім қызмет көрсету саласына қатысты болды.

Жыл басынан бері комиссия 490,5 млн. теңге сомасына 113 өтінім мақұлдады.

Жалпы, жыл соңына дейін 159,5 млн.теңгеге микрокредит беру жоспарлануда.