«ITeachMe» құзыреттерді дамыту орталығы» қоғамдық қоры 4 жыл бойы motion design, UI/UX design, SMM+копирайтинг, графикалық дизайн және мобилография бағыттары бойынша мүгедектігі бар адамдардың цифрлық дағдыларын дамытуға бағытталған білім беру жобасын іске асыруда.
2023 жылғы 22 мамырдан бастап «ITeachMe» жобасының жетінші маусымына, яғни 17-37 жас аралығындағы мүгедектігі бар адамдарға арналған екі айлық тегін онлайн курстарға қатысу үшін өтінімдер қабылдана бастады.
Жобаға қатысу үшін https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSe1B6GaQa7SwgypE81dHouloqKpLhzbR0X1uTlrYVyjLIxdA/viewform?usp=sf_link. сілтемесі бойынша өтінім беруге болады.