«Ұрпақтар келісімшарты» жобасына қатысушының оң мысалы

«Ұрпақтар келісімшарты» жобасына қатысушының оң мысалы

Қазақстанда жас мамандарға бағытталған "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы сәтті жүзеге асырылуда. Ол кәсіпкерлік субъектілерін қолдауды қамтамасыз етіп қана қоймай, 2 жыл ішінде оқуын аяқтаған оқу орындарының түлектерін жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге бағытталған.

Жобаны іске асыру барысында 50-ден астам түлек жұмысқа орналастырылды.

         Мағжан Жұмабаев ауданының тумасы, жоба қатысушысы Малюк Татьяна Сергеевна жұмысқа орналастырылғандардың бірі.  

Мектепті бітіргеннен кейін Татьяна Сергеевна аудандық ауруханаға санитар ретінде жұмысқа орналасқан. 2021 жылы «әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша диплом алған.

Оқуды бітіргеннен кейін ол М. Жұмабаев ауданының халықты жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналасу мәселесі бойынша жүгінген соң, ол әлеуметтік қызметкер ретінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жіберіледі, онда оған жұмыс тәжірибесімен бөлісу үшін зейнеткерлік жасқа дейінгі тәлімгер бекітілді.

Малюк Татьяна алты айлық жұмысы барысында тәлімгерінен қажетті бастапқы тәжірибе мен дағдылар алып, кейіннен тұрақты жұмыс орнына ауыстырылды. Бүгінгі таңда еңбек қызметін осы ұйымда жалғастыруда.

«Ұрпақтар келісімшарты» жобасына қатысу туралы толығырақ ақпарат алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша орналасқан Халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласуға немесе еңбек.кз порталына жүгінуге болады.