
Ағымдағы жылғы 6 сәуірде басқарма Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандарымен Zoom бейнеконференциясы арқылы семинар өткізді.
Семинарда медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы жекелеген мәселелер, оның ішінде Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексі жобасынаң ұсынылатын нормалар, қолданыстағы НҚА-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар рәсімдеу және «Әлеуметтік қызметтер порталы», «Е-собес» ақпараттық жүйелерінде жұмыс істеу сияқты мәселелер талқыланып, түсініктемелер берілді.
Сонымен қатар, семинар барысында қатысушылар арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұйымдастыруға және ұсынуға қатысты бірқатар сұрақтар қойып, оларға тиісті жауаптар алды.