Мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындары дегеніміз не?
Жұмыс берушілер мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарын халықты жұмыспен қамту орталықтарымен жасалған шарттар негізінде тіркелген жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдастырады.
Сіз «жеке кабинетіңізде» субсидияланған немесе лайықты бос жұмыс орнын іздеу арқылы таңдай аласыз. Мысалы, әлеуметтік жұмыс орнын немесе қоғамдық жұмыс орнын таңдай аласыз.
Enbek.kz порталы егер сіз жастар практикасына, қоғамдық жұмыстарға немесе Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысуды өз бетінше тоқтату (дәлелсіз себептермен) себебінен жұмыссыз ретінде тіркеуден шығарылған жағдайда, жұмыс орындарына жіберуден бас тартуы мүмкін. Сіз жұмыссыз ретінде қайта тіркелген сәттен бастап 3 ай өткен соң қайта жолдама ала аласыз.
Жұмыс орнын таңдап, «жауап беру» батырмасын басыңыз, сонда жұмыс беруші Сіздің түйіндемеңізді өз «жеке кабинетінде» көре алады.
Бос жұмыс орнына үміткерлерді жұмыс беруші іріктейді. Егер жұмыс беруші Сіздің түйіндемеңізді таңдаса, онда ол Сіздің порталдағы «жеке кабинетіңізге» әңгімелесуден өтуге шақырту жібереді.