
Комиссия ұсынылған материалдарды қарап, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м. а. 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығымен бекітілген Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарының 8, 11, 14 және 21-тармақтарына сәйкес шетелдік маманды тартуға рұқсат беруді ұсынды.
Жалпы Солтүстік Қазақстан облысы аумағында шетелдік жұмыс күшін тарту бойынша 11 рұқсат қолданыста.