Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) 2023 жылдың 1 ақпанында сағат 16.00 Шетелдік жұмыс күшін тарту үшін рұқсат беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) отырысының өтетіндігі туралы хабарлайды.
Комиссия отырысы Басқарманың акті залында мына мекенжай бойынша: Петропавл қаласы, Абай көшесі 64, өтеді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығымен бекітілген «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарына» сәйкес шетелдік жұмыс күшін тарту үшін ұсынылатын құжаттардың толық тізбесі отырыс комиссиясында берілген «Тайынша-Май» ЖШС құжат топтамасы көрсетілген.
Қосымша сұрақтар бойынша басқарманың уәкілетті өкілі – шетелдік жұмыс күшін тарту үшін рұқсат беру жөніндегі комиссияның хатшысына хабарласуға болады: телефон 8(7152) 46-37-43, факс 46-90-73, электрондық пошта zsp@sqo.gov.kz., басқарманың веб-сайты ukzsp.sko.gov.kz.