
Enbek.kz мобильді нұсқасы интернет-ресурспен толығымен синхрондалған және қазірдің өзінде жұмыс іздеуге көмектесіп қана қоймай, жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алу үшін жұмыссыз ретінде тіркелуге мүмкіндік береді.
«Enbek» мобильді қосымшасында пайдаланушылар өздерін қызықтырған бос жұмыс орындарын қарап, пікір қалдыра алады және жұмыс берушілерден шақырулар ала алады. Push хабарландыруларының ыңғайлы мүмкіндігі түйіндеме мен жауаптарды, сұхбатқа шақыруларды және жұмыс берушінің әңгімелесу нәтижелері бойынша шешімдерін қарау туралы ақпаратты өткізіп алмауына көмектеседі.
Сонымен қатар қосымшада жұмыссыз ретінде тіркелу және жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алу мүмкіндігі бар. Ол үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы қажет емес, тек мобильді азаматтар базасында тіркелу жеткілікті.
Электрондық еңбек биржасында әрдайым мемлекет субсидиялайтын уақытша жұмыс орындарының кең таңдауы бар. Олар қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы, «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» және «Күміс жас» жобалары бойынша бос орындар.