Ағымдағы жылғы 1-15 желтоқсан аралығында әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы.

Ағымдағы жылғы 1-15 желтоқсан аралығында  әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы.

Ағымдағы жылғы 1-15 желтоқсан аралығында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардан (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) өтінімдер қабылдауды ұйымдастырады.

Өтінімдер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 733 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес қабылданады.

Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін құжаттар жұмыс күндері СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, каб. 522 мекенжайы бойынша қабылданады, электрондық пошта мекенжайы: msb38@sqo.gov.kz.

Дара кәсіпкер немесе заңды тұлға Тізілімге енгізу мақсатында өзін арнайы комиссияның қарауына ұсынады:

- жоғарыда көрсетілген Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тізілімге енгізу туралы өтініш;

- дара кәсіпкер немесе заңды тұлғаның Тізілімге енгізу үшін жүгінген санатына байланысты Қағидалардың 6-9- тармақтарында көрсетілген құжаттар;

- өтініш берушінің уәкілетті тұлғасының өтінішке қол қою құқығын куәландыратын сенімхаты (құжаттарды сенімхат негізінде әрекет ететін өтініш берушінің өкілі берген жағдайда).

 

Анықтама телефоны: 8 (7152) 36-13-62.