
Аталған іс-шараның мақсаты білім алмасу алаңын қамтамасыз ету және негізгі проблемаларды анықтау, озық тәжірибемен алмасу, халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру жөніндегі тиімді шараларға қатысты консенсусқа қол жеткізу үшін сектораралық талқылауға жәрдемдесу болып табылады.
Әлеуметтік кодекс жобасына енгізу үшін ұсыныстарды талқылау және әзірлеу конференцияның негізгі міндеттерінің бірі болды.