
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын іске асыру шеңберінде «Әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі үкіметтік емес сектор арқылы тұрмыстық құқық бұзушылықтар салдарынан қатыгездікке ұшыраған адамдарға, оның ішінде балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді.
Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі топтар Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің және учаскелік инспекторлардың көмегімен адамдарды тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер деп таниды.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдар уақытша болу және тұру баспанаға 6 айға дейінгі уақытқа орналасып, әлеуметтік қызметтер ала алады.
Баспанада тұрған кезде әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық сынды 8 түрлі қызмет түрі ұсынылады. Қызметтер қызмет алушыны әлеуметтендіру және отбасы мен қоғамға кіріктіру үдерісіне жәрдемдесуге бағытталған.
Қатыгез қарым-қатынас пен зорлық-зомбылық фактісі кездескен жағдайда, жәбірленушілерді қорғау және оларға шұғыл көмек көрсету мақсатында «Әйелдерді қолдау орталығы» ҚБ –нің уақытша болу және тұру баспанасының сенім телефонына (7152)46-13-26 тікелей жүгінуге болады.